Аукционды сауда-саттық электр энергиясының тарифіне қалай әсер етеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Аукционды сауда-саттық энергияның баламалы қуат көздерінен алынатын электр энергиясының тарифін 20 пайызға дейін төмендететін болады. Бұл туралы Парламент Сенатында өткен дөңгелек үстел кезінде Энергетика вице-министрі Махамбет Досмұхамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазіргі уақытта Қазақстанда баламалы қуат көздерінің жалпы қуаты 340 мегаватт болатын 55 нысан бар. Нақтырақ айтқанда, қуаты 110 мегаваттық жел энергиясының, 170 мегаваттық гидроэнергетиканың, 60 мегаваттық күн энергиясының нысандары жұмыс істеп тұр. Олардың барлығы жыл сайын қуаты 1 миллиард киловат-сағат электр энергиясын өндіреді.

«Біз қазіргі уақытта инвесторлар энергетиканың аталмыш саласына қызығушылық танытып отырғанын көріп отырмыз. Мәселен, 2020 жылдың соңына дейін баламалы қуат көздерінің қуаты 1700 мегаваттық қосымша 53 нысанын қолданысқа енгізу көзделген. Тарқата айтқанда, аталған мерзімге дейін қуаттылығы 933 мегаваттық 23 жел электрстанциясы, 467 мегаваттық 17 күн электр станциясы мен 290 мегаваттық гидроэлектростанцияны пайдалануға беру көзделген», - дейді вице-министр.

Махамбет Досмұхамбетовтың айтуынша, мемлекеттің қолдауынсыз энергияның баламалы көздері тиімді түрде даму даңғылына түсе алмайды. Осы себепті Қазақстанда 2009 жылдан бастап мемлекеттік қолдау шаралары қарастырылған.

Вице-министрдің хабарлауынша, баламалы қуат көздері аукционының алғашқы сессиясы 23 мамыр мен 7 маусымның аралығында өткен. Инвесторларға баламалы қуат көздерінің барлық типтері ұсынылған. Махамбат Досмұхамбетов айтып өткендей, аукциондық сауда-саттықты жүргізу нәтижесінде тариф жел электр станцияларында 20 пайызға, ал шағын ГЭС-терде 23 пайызға, ал күн электр станцияларында 25,5 пайызға төмендеген.

Соңғы жаңалықтар