+7 (701) 759 90 19
USD 425.78 EUR 494.08
RUB 5.98 CNY 66.23
Jańalyqtar

Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасау қажет – ҚР Президенті

2021 жылғы 17 қыркүйек 16:27
Бөлісіңіз:
Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасау қажет – ҚР Президенті

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасау қажет. Бұл туралы Душанбеде өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанның оңтүстігінде мешітте жарылыс болды Ауғанстанды теңдессіз қиындықтармен жалғыз қалдырмауымыз қажет – ҚР Президенті Қазақстан бидай мен ұнды ауған нарығына қайта шығара бастады

«Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы мен Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдері Ауғанстанның жаңа билігімен бейресми диалогқа бастама жасауы қажет. Мұндай коммуникация тәліптерінің шынайы ниетін бағалауға, сын-қатерге, өңірлік тұрақтылыққа қатысты жалпы пайым жасауға және бұлелмен сауда-экономикалық байланысты қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бұған қоса, бұл кезеңде ресми тану туралы сөз қозғалып отырған жоқ», - деді ҚР Президенті.

Мемлекет басшысы көп жағдай Ауғанстанның жаңа әкімшілігінің іс жүгіндегі алдағы қадамына, сонымен қатар БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тиісті шешімдеріне байланысты болатындығын баса айтты.

«ШЫҰ мен ҰҚШҰ мүдделері және бірлескен күш-жігері ұштасып, ұланғайыр өңіріміздің қауіпсіздігі мен тұрақты дамуындағы өзекті проблемаларды шешудегі әрекеттеріміздің жалпы тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп үміттенемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT