+7 (701) 759 90 19
USD 425.95 EUR 495.12
RUB 6 CNY 66.6
Jańalyqtar

Ауғанстанның жаңа билігі жастардың Қазақстанда білім алуына кедергі болмайды деп үміттенемін - Тоқаев

2021 жылғы 17 қыркүйек 16:44
Бөлісіңіз:
Ауғанстанның жаңа билігі жастардың Қазақстанда білім алуына кедергі болмайды деп үміттенемін - Тоқаев

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат – Ауғанстанның жаңа билігі жастардың Қазақстанда білім алуына кедергі болмайды деп үміттенемін. Душанбеде өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Ассамблеяға патриоттық ұйым ретінде құрмет көрсетуіміз керек – Тоқаев «Жаңғыру жолы» қозғалысын республикалық жастар ұйымы ретінде қайта құрған жөн - Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ел тарихы жайлы Tik-Tok жоба жасауға қолдау білдірді

«Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарыстың өткір фазасын еңсергеннен кейін барынша түрлі бағыттарда БҰҰ институттары тарапынан жүйелі қолдау одан ары да қажет болады. Алматыда БҰҰ-ның өңірлік хабын құру бұл жұмыстарды үйлестіру үшін оңтайлы ұйымдастырушылық мүмкіншіліктерді ашар еді. Ауған проблемасына қатысты өзара іс-қимылда кезек күттірмейтін міндеттерді шешуден бөлек мұнан арғы көкжиекті де назардан тыс қалдырмауымыз керек. Саяси және гуманитарлық ахуал қалай қалыптасса да адами капиталға салынған инвестиция ғана ұзақмерзімді келешекте тұрақты болашақты қамтамасыз ете алады», - деді Қазақстан Президенті.

Осыған орай Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстан азаматтары үшін білім беру бағдарламаларын жалғастыра беру маңызды екендігін айрықша атап өтті.

«Бүгінде Қазақстанда Ауғанстаннан шамамен 200 студент білім алады. Ауғанстанның жаңа билігі тарапынан осы жастардың жоғары білім алуына кедергі болмайды деп үміттенемін», - деді Мемлекет басшысы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT