Ауғанстанның ұлтазаттық күштері тәліптерді Панджшердегі үш ауданнан ығыстырды

None
None
КАИР. ТАСС-ҚазАқпарат – Ұлтазаттық фронтының (ҰФ) жасағы солтүстіктегі Панджшер провинциясында радикалдардан үш ауданды жаулап алды. Бұл првинция Ауғанстанды жаулап алған «Талибан» радикалды қозғалысына бағынған жоқ. Бұл туралы жұма күні Afghanistan Times жергілікті газеті жазды.

Тәліптерге қарсылық көрсетіп жатқан жасақ Панджшердің солтүстік және солтүстік-шығысында орналасқан Дара, Абшар және Парьян аудандарын өз бақылауына қайтарып алды. ҰҚКФ күштері жойқын соғыс нәтижесінде ондаған тәліп содырының көзін жойған.

«Талибан» қозғалысы көктемде АҚШ қарулы күштері өз әскерін Ауғанстаннан алып кету туралы шешім қабылдағаннан кейін елдегі билікті өз қолына алу үшін ауқымды операция жүргізді. 15 тамызда Ауғанстан президенті Ашраф Гани өкілеттігінен бас тартып, елден кетті. Тәліптер соғыссыз Кабулды басып алды. Ахмад Масуд бастаған радикалдардың билігіне қарсы топ Панджшерде қарсылық көрсетті. Оны өзін мемлекет басшысының міндетін атқарушы етіп жариялаған елдің бұрынғы вице-президенті Амрулла Салех қолдауға шақырды. Дүйсенбі күні тәліптердің өкілі Забихулла Муджахид Панджшердің толықтай «Талибан» бақылауына өткенін, сондықтан Ауғанстан аумағында соғыс тоқтағанын жариялады. Өз кезегінде Масуд радикалдарға қарсылық жалғасып жатқанын мәлім етіп, Ауғанстанның барлық тұрғынын жалпыұлттық көтеріліске шақырды.

Қарсылық көрсетушілер тобының өкілі Али Майсам Назари қарсылықтың партизан соғысы тәсіліне көшіп жатқанын нақтылады. Кейіннен Панджшердегі ТАСС дереккөзі бұл өңірде сұрапыл соғыс жалғасып жатқанын хабарлады. Провинция тұрғындарының басым бөлігі тәліптердің әрекетінен өз үйлерін тастап, тауға қарай кетіп жатыр.

Фото: ©Stringer / XinHua / Global Look Press




Соңғы жаңалықтар