+7 (701) 759 90 19
USD 425.77 EUR 494.28
RUB 5.95 CNY 66.14
Jańalyqtar

Ауғанстанның Тәжікстанмен шекарадағы провинциясын тәлібтер басып алды

2021 жылғы 9 тамыз 07:52
Бөлісіңіз:
Ауғанстанның Тәжікстанмен шекарадағы провинциясын тәлібтер басып алды

КАБУЛ. ҚазАқпарат – Жексенбі күні «Талибан» қозғалысы Тәжікстанмен шекарада орналасқан Тахар провинциясының әкімшілік орталығы – Талукан қаласын басып алғандығы жөнінде мәлімдеді. ҚазАқпарат бұл туралы «Анадолы» агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғанстанды теңдессіз қиындықтармен жалғыз қалдырмауымыз қажет – ҚР Президенті Қазақстан бидай мен ұнды ауған нарығына қайта шығара бастады 20 миллион ауғандық көмекке мұқтаж - БҰҰ


Агенттікке Тахар провинциясының заңнамалық органы төрағасының орынбасары Рухолла Рауфи мәлім еткендей, қауіпсіздік күштерінің қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері Фархар уезіне көшкен. Оның айтуынша, тәлібтер барлық қоғамдық орындарға баса көктеп кірген. Сондай-ақ жергілікті түрмеден сотталғандарды босатқан.

Р.Рауфидің сөзінше, содырлар Талуканға шабуыл жасай бастағанына екі аптаға жуықтаған.

«Талибан» қозғалысының мәліметіне сәйкес, олар Талукандағы барлық қоғамдық ғимаратты өз қарамағына алған. Осылайша, «Талибан» басып алған Ауған провинцияларының әкімшілік орталықтарының саны 5-ке жетті. Бұған дейін «Талибан» Сари-Пул және Кундуз провинцияларының әкімшілік орталықтарын басып алған болатын. Ал бір күн бұрын тәлібтер елдің солтүстігіндегі Джузкан провинциясының астанасы – Шибирган қаласына кірді.

«Талибан» қозғалысы Ауғанстан аумағының 80 пайызын бақылауға алғанын айтуда.

БҰҰ мәліметінше, соңғы бір айда тәлібтердің шабуылы салдарынан Ауғанстанның 1 мыңнан астам бейбіт халқы қаза болды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT