Ауғанстанның Герат провинциясына 4 млн доллар инвестиция тартылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауғанстанның өнеркәсіптік Герат қаласында жалпы құны 4 миллион долларды құрайтын оттегі және мақта зауыттары ашылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ariana News басылымына сілтеме жасап.

Бұл Ауғанстан Ислам әмірлігінің ресми тұлғалары инвесторларды ел ішінде де, одан тыс жерлерде де бизнес ашуға шақырғаннан кейін болды.

Сауда және өнеркәсіп министрінің міндетін атқарушы Нуруддин Азизи елде іскер топтар үшін қажетті жағдай жасалғанын хабарлады.

Гераттың өнеркәсіптік және тау-кен палатасының басшысы Хамидулла Хадем мақта зауытының құны - шамамен 1,5 миллион доллар, ал оттегі компаниясы - шамамен 2,5 миллион доллар екенін айтты.

Соңғы төрт айда Герат провинциясындағы зауыттардың 20% жұмысын қайта бастады.

Оларға кеден және логистика саласында қажетті жағдай жасалды. Қазіргі уақытта қалада 200-ге жуық фабрика бар.


Соңғы жаңалықтар