Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 366.43 EUR 420.11
RUB 5.58 CNY 52.87
Жаңалықтар

Ауғанстанның 49 азаматы қазақ болмаса да оралман мәртебесін алмақ болды

2018 жылғы 16 сәуір 10:54 4244
Бөлісіңіз:
Ауғанстанның 49 азаматы қазақ болмаса да оралман мәртебесін алмақ болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытайдан Қазақстанға заңсыз көші-қон ұйымдастырған трансұлттық қылмыстық топтардың әрекеті әшкереленді. Ал Ауғанстанның 49 азаматы қазақ болмаса да оралман мәртебесін алуға тырысқан. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында төменгі палата төрағасының орынбасары Владимир Божко айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Көші-қон мәселесі Қазақстанды айналып өтпейді - Томас Хельм Қызылордада 200-ден астам шетелдік елден қуылды

«Қабылданған шаралар Қазақстанға келушілер санын арттырды. 2017 жылы Қазақстанға 5,595 млн адам келді, оның ішінде Германия мен басқа елдердегі біздің бұрынғы тұрғындарымыз бар. Елімізге шетелдік бизнесмендер мен туристердің келуі ұлғайды, инвесторлар үшін Қазақстанға жұмыс күшін тарту рәсімі жеңілдетілді», - деді Владимир Божко.

Оның айтуынша, халықаралық ахуал мен көші-қон ағынының, ішкі көші-қонның артуы күш-қуат құрылымдары мен Сыртқы істер министрлігіне қосымша жауапкершілік жүктейді. Ұсынылған материалдарды алдын ала зерделеу барысында тұрақты көші-қон жолдарындағы басы артық тосқауылдарды алып бастау қажеттігін көрсетіп отыр. Бұған қоса, Қазақстан аумағында заңсыз көші-қон ұйымдастыратын жекелеген фирмалар мен тұлғалардың қылмыстық әрекеттері анықталған.

«Бұл реттегі цифрлар алаңдатарлық. Ауғанстанның 49 азаматы қазақ болмаса да оралман мәртебесін алуға тырысқан. Олардың көшілігіне қазіргі уақытта іздеу жарияланған. Бангладеш пен Ауғанстан азаматтары біздің еліміздің аумағын Еуропаға өту және ол жақта тұрақты қоныстану үшін пайдалануға тырысады. Екі тұрансұлттық топ Қазақстанда тіркелген 85 компания арқылы Қытай Халық Республикасынан Қазақстанға жаппай заңсыз кіруді ұйымдастырған», - деді В.Божко.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Парламент, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
Мұрағат