Ауғанстаннан келген қандастардың ешқайсынан коронавирус табылған жоқ

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанға Ауғанстаннан келген қандастардың ПТР сынамасы оң нәтиже көрсеткен жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәлім етті.

«Келген 40 адамның 36-сы ПТР тест тапсырды. Талдау нәтижесі белгілі болды. Ешкімнен коронавирус анықталған жоқ. Барлығы теріс «, - деді Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов.

Айта кетейік, кеше, 9 қыркүйек күні Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Ауғанстаннан 35 қандас тарихи отанына оралды.


Соңғы жаңалықтар