Ауғанстандағы жер сілкінісі Қазақстанның 5 өңірінде сезілді

None
Photo: ekonomigundemi.com.tr
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі «СОМЭ» ЖШС сейсмикалық станциялар желісі 21 наурыз күні сағат 22:47:30 жер сілкінісі тіркелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство таратқан дерекке қарағанда, жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 848 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан.

«Жер сілкінісінің энергетикалық класы - 16.1. MPV магнитудасы - 7,8. Эпицентр координаттары - 37,00° солтүстікке қарай - 71,12° E. Тереңдігі - 120 км», - деп жазды «СОМЭ» ЖШС.

МСК-64 шкаласы бойынша зілзала Шымкент, Тараз қалаларында 3 балдық, Алматы, Түркістан, Қызылорда аймақтарында 2 балдық деңгейде сезілді.


Соңғы жаңалықтар