Ауғанстандағы жарылыста Қазақстанда оқыған журналист қаза тапты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Ауғанстан астанасы Кабул қаласында болған екі жарылыс салдарынан Қазақстанда оқыған журналист қаза тапты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.
Еске сала кетейік, Кабулдың батыс бөлігінде орналасқан спорт клубтардың бірінде қос жарылыс болды. Бірінші жарылыс шейіттер тұратын Дашти Барчи кварталында жекпе-жек клубында болған. Жарылғыш құрылғыны жанкешті-лаңкес іске қосқан.
Екінші шабуылды оқиға орнына келген тілшілер тобының арасына енген террорист жасаған. Ірі лаңкестік оқиғасының салдарынан қаза тапқандардың арасында БАҚ өкілдері де бар екені туралы ақпарат тарады.
Бүгін TOLO news телеарнасы жарылыс оқиғасының егжей-тегжейін білу үшін барған тілшісі Самим Фарамарз мен операторы Рамиз Ахмадидің опат болғанын мәлімдеді.
Тілші Самим Фарамарз журналист мамандығына Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетінде оқыған. Осы университеттің «Баспасөз және электронды БАҚ» кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлмира Сұлтанбаеваның мәлімдеуінше, журналистика факультеті Самим Фарамарзды еске алу мақсатында шара өткізбек.
- Алматының бірнеше шағын ауданында суық су болмайды
- Ураинада қарттар үйі өртеніп, 15 адам қаза тапты
- Семейде екі жігіт зейнеткерді өрттен құтқарды
- Солтүстік Қазақстанда із-түзсіз кеткен зейнеткердің денесі табылды
-
Қызылордада жыл басынан бері 114 адам коронавирус жұқтырған
-
Моңғолия премьер-министрі отставкаға кететінін мәлімдеді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам