Ауғанстандағы «Талибан» жүйесі: Әйелдер ер адамдармен бірге оқымайды

None
None
КАБУЛ. ҚазАқпарат – «Талибан» қозғалысы Ауғанстанның білім беру жүйесіне жаңа ережелер енгізді, оларға жыныс белгісі бойынша бөліп ажырату және дресс-код кіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Жексенбі, 12 қыркүйек күні «Талибан» қозғалысының басшылығы Ауғанстанның білім беру жүйесіндегі жаңа ережелер туралы мәлімдеді. Жаңадан құрылған үкіметтің Жоғары білім министрі Абдул Баки Хаккани енді әйелдер ер адамдармен бірге оқымайтынын мәлім етті.

Хаккани мәлімдемесі жасалған күні Кабул қаласында үш жүзден астам ауғандық әйел Кабул университетінің амфитеатрында жиналып, «Талибанның» гендерлік саясатына қолдауын білдіру үшін шеруге шыққан. Олардыңі көбі қара никаб киіп, қолдарына тәлібтердің ақ туларын ұстаған.
Акцияға қатысушы әйелдер қолдарына «Ауғанстаннан кеткен әйелдер біздің атымыздан сөйлей алмайды» және «Біз моджахедтердің «Талибанның») қатынасы мен тәртібіне қанағаттанып отырмыз» деп жазылған плакаттарды ұстап, қала көшелерімен жүріп өтті.

Соңғы жаңалықтар