Ауғанстандағы су тасқыны: Опат болғандар саны 160-қа жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауғанстандағы су тасқыны салдарынан қаза тапқандардың саны 160-қа жетті, кем дегенде 250 адам зардап шеккен, деп хабарлайды ҚазАқпарат TOLOnews телеарнасына сілтеме жасап.

Апат, әсіресе Парван провинциясына ауыр тиді. Мұнда 116 адам опат болып, 130- зардап шекті. Сондай-ақ, су тасқыны Вардак, Газни, Каписа, Кабул, Лагман, Логар, Нангархар, Нуристан, Пактика, Пактия, Панджшер и Хост провинцияларында да тіркелген.

Су тасқыны осы аптадағы толассыз жауған нөсер жаңбыр салдарынан орын алды.

Елдің табиғи апатты жою жөніндегі министрлігі зардап шеккендерге көмектесу жұмыстарын жалғастырып жатыр.


Соңғы жаңалықтар