Ауғанстандағы су тасқыны: 78 адам қаза тауып, 32 адам із-түссіз жоғалған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауғанстанда су тасқыны салдарынан қаза тапқандардың саны күн сайын артып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Нөсер жауын салдарынан туындаған сел ағыны Герат өлкесін шайды. Anadolu агенттігі осы жылдың 4 мамырында су тасқыны салдарынан 14 адамның және көптеген жан-жануардың өлгендігін хабарлаған болатын.

Герат өлкесі губернаторының баспасөз хатшысы Джейлани Фархад су тасқыны Обе ауданына да зиянын тигізгендігін айтады.

«Көптеген үйді су басып қалды. Ауданда іздеу-құтқару жұмысы жалғасып жатыр», - деді Джейлани Фархад.

Ал жергілікті Shamshad Radio телерадиоканалының ақпаратына қарағанда, қазіргі уақытта 78 адамның қаза тапқаны белгілі. Сонымен қатар 30 адам зардап шексе, тағы 32 адам із-түссіз жоғалған. Мұндай деректі телерадиоканал Twitter -дегі ресми парақшасында келтіреді.


Соңғы жаңалықтар