Ауғанстандағы мектепте жарылыс болып, 20-дан аса адам қаза тапты

None
АММАН.ҚазАқпарат – Ауғанстанның солтүстігіндегі Саманған провинциясында болған жарылыс салдарынан 23 адам қаза тауып, 30 адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат AlJazeera-ға сілтеме жасап.

ToloNews агенттігінің хабарлауынша, оқиға провинцияның әкімшілік орталығы Айбак қаласында орналасқан семинарияда (медреседе) бесін намазы кезінде болған.

Саманған аймақтық ауруханасы дәрігерлерінің айтуынша, ауруханада кемінде 15 адам қаза тауып, 27 адам жарақат алған. Ішкі істер министрлігінің өкілі Абдул Нафи Такор Солтүстік Саманған провинциясының астанасы Айбактағы медреседе болған жарылыстан тағы бірнеше адам жарақат алғанын айтты.

Соңғы апталарда бірнеше рет жарылыс болды. Олардың соңғысы қараша айының басында Ауғанстан астанасы Кабулдың батысында болған. Ол кезде мемлекеттік қызметкерлер мінген автобус жарылып, екі адам қаза тауып, алтауы жарақат алған еді. Қазан айында ел астанасындағы ІІМ ғимаратында орналасқан мешітте болған жарылыстан 8 адам қаза тауып, 20 адам жараланған болатын.

Осы айдың басында Кабулдың батысындағы білім беру орталығында ірі лаңкестік шабуыл болып, салдарынан 50-ден астам адам қаза тапты. Олардың басым көпшілігі –студенттер, сондай-ақ 100-ге жуық адам жарақат алды.


Фото: www.aljazeera.net


Соңғы жаңалықтар