Ауғанстандағы апат: Шахтада құрбан болғандар саны 40 адамға жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстігінде алтын өндіретін шахтада топырақтың опырылып құлауы салдарынан құрбан болғандар саны 40 адамға жетті, деп хабарлайды ТАСС Sky News Arabia телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға жексенбі күні таңертең Бадахшан провинциясының Кохистан ауданында болды. Құтқарушылар жерастынан 15 адамды алып шыққан, олардың көбі жарақат алған, жағдайлары ауыр.

Апат болған кезде шахтада 50 адам болған деген хабар тарап жатыр.

Pajhwok агенттігінің жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап таратқан мәліметіне сай, құрбан болғандар - заңсыз түрде алтын қазумен айналысқан жергілікті тұрғындар.

Бадахшанда үшінші күн қатарынан толассыз қар жауып тұр. Қалың жауған қарды көтере алмай шахтадағы түнелдердің төбесі құлаған.

Соңғы жаңалықтар