Ауғанстанда жер сілкінді

Фото: Photo: www.aa.com.tr
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматы уақытымен таңғы сағат 06:21 кезінде Ауғанстанда жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл мәліметті Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедициясы мемлекеттік мекемесінің сейсмикалық стансалар желісі тіркеген.

«Тербеліс ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 894 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында болған.

Зілзаланың энергетикалық санаты - 10.4. MPV магнитудасы - 5,0. Тереңдігі - 15 км. MSK-64 бағаны бойынша сезілу туралы ақпарат түскен жоқ», - делінген «Алматы» кезекші операторының хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар