Ауғанстанда жарылыстан 8 адам қаза тапты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Кабул қаласындағы жарылыс салдарынан сегіз адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алды. Бұл туралы қалалық полицияның баспасөз хатшысы Халид Задран әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады ҚазАқпарат Синьхуа агенттігіне сілтеме жасап.

Халид Задранның айтуынша, жарылыс Кабулдың алтыншы полиция ауданында орын алған. Жарылғыш құрылғы қол арбасына орнатылған. Шабуылдың нысанасы — өтіп бара жатқан бейбіт адамдар. Сегіз адам қаза тауып, тағы 18 адам жарақат алды.

Әзірге болған оқиға үшін жауапкершілікті ешкім өз мойнына алған жоқ. Соңғы уақытта Ауғанстанда мектептер, мешіттер және автобустарда бірнеше жарылыс болып, қаза тапқандар мен жараланғандар саны көбейген. Бұл қылмыс үшін жауапкершілікті «Ислам мемлекеті» экстремистік тобы өз мойнына алды.


Фото: aa.com.tr





Соңғы жаңалықтар