Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 382.38 EUR 428.30
RUB 5.97 CNY 55.39
Jańalyqtar

Ауғанстанда жарылыстан 4 адам қаза болып, 90-ы жарақаттанды

2019 жылғы 15 қаңтар 02:49 676
Бөлісіңіз:
Ауғанстанда жарылыстан 4 адам қаза болып, 90-ы жарақаттанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні кешке Ауғанстанда қуатты жарылыс болып, салдарынан 4 адам қаза тапты, 90-ға жуығы зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат afghanistan.ru сайтына сілтеме жасап.

Жарылыс Ауғанстан астанасы Кабулдың шығыс бөлігінде болды. Онда коммерциялық емес ұйымдардың кеңселері, тұрғын үйлер мен шетелдік азаматтар жиі баратын демалыс орындары орналасқан.

Елдің Ішкі істер министрлігінен мәлім еткендей, миналанған жүк көлігі жарылған. Қуатты жарылыстан 4 адам мерт болды, жақын маңда орналасқан ғимараттар жартылай қирады. Ажал құшқандардың үшеуі әскери қызметші, біреу - азаматтық тұлға. Зардап шеккендердің дені бейбіт халық. Жарақаттанғандар арасында 23 бала мен 12 әйел бар.

Tolo News сайтының жазуынша, ел президенті Ашраф Гани шабуылды айыптап, оның адамгершілікке жатпайтынын және исламға қарсы бағытталғанын атап өтті. Президенттік сарайдың мәлімдемесінде А.Гани тиісті органдарға шабуылды жіті тергеуді және зардап шеккендер мен қаза болғандардың отбасыларының қажеттіліктерін өтеуді тапсырғаны айтылған.

 

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Әлем, Оқиға,
Бөлісіңіз:

Аударма:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
MURAǴAT