Ауғанстанда ұсталған содырлар Қазақстан мен Түркменстаннан келгенін айтуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстігіндегі Сари-Пуль провинциясында ұсталған лаңкестер Қазақстан мен Түркменстаннан келгендерін мәлімдеді.

Бұл туралы Afghannews ақпарат агенттігі хабарлады.

Түнгі операция барысында екі ер адам ұсталды. Провинция губернаторы Мухаммад Захир Вахдаттың айтуынша, операция кезінде 4 ауған талибінің көзі жойылды және бір ауғандық содыр жараланды.

Өздерін Қазақстан мен Түркменстаннан келгендігін мәлімдеген содырлардың аты-жөндері Демир Зенлиёв ( Demir Zenliyov) пен Абдул Матин (Abdul Mateen) екені анықталды.

Тұтқындалған лаңкестердің айтуынша, олар жанкештілер шабуылын ұйымдастыру бойынша сарапшылар және жергілікті содырларға жәрдем беру үшін Ауғанстанға келген. Басылым Ауғанстанда шетелдік содырлардың - «Ислам мемлекеті» тобының жақтаушылары белсенді бола түскенін атап өтуде. 

Соңғы жаңалықтар