+7 (701) 759 90 19
USD 431.07 EUR 485.51
RUB 5.69 CNY 67.47
Jańalyqtar

Ауғанстанда ұсталған содыр 2011 жылы Атырауда терактіні ұйымдастырған - Қарин

2017 жылғы 27 қаңтар 08:23
Бөлісіңіз:
Ауғанстанда ұсталған содыр 2011 жылы Атырауда терактіні ұйымдастырған - Қарин

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин Ауғанстанда ұсталған қазақстандық экстремистің жеке тұлғасы туралы мәліметтерді хабарлады.

Саясаттанушы Facebook-тегі өзінің парақшасында Ауғанстанның Сари-пуль провинциясының солтүстігінде ұсталған Қазақстан тумасы - Дамир Зналиев (Demir Zenliyov) туралы жазды.



«Фотода көрсетілген адам - өз кезінде аты-шулы болған "Джунд аль-Халифат" (Халифат сарбаздары - ред.) тобының үш көшбасшысының бірі. Ол Ринат Қабидолла, Орынбасар Мұнатовпен бірге 2011 жылдың тамыз-қыркүйегінде Бельгия азаматы Муаз Гарсаллаумен бірлесіп ауған-пәкістан аумағында аталмыш топты құрып, кейін осы жылдың қазан айында Атырауда теракті жасады. Топ көбіне ақпараттық араңдатушылықпен айналысқанымен, бірқатар өзге де актілерді жасады деп айыпталуда. Еуропалық арнайы қызметтер бұл топтың 2012 жылдың наурызында француздық Тулуза қаласында орын алған терактіге қатысы болуы мүмкіндігін болжауда. Француздық тергеушілердің пайымынша, терактіні ұйымдастырушы Мохаммед Мера Пәкістанның жаттығу лагерінде «Халифат сарбаздарымен» бірге дайындықтан өткен. 2012 жылдың күзінде америкалықтардың дрон-шабуылы кезінде Гарсаллауи көз жұмып, топ біржола тарқайды. Біршама уақыттан кейін Орынбасар Мұнатовты біздің арнайы қызметтер ұстап, сотталды. Ринат Қабидолла Сирияға қашып кете алды. Дамир Зналиев ауғанстандық-пәкістандық аумақтағы Ислам жиһадының одағы тобына қайта қосылады», - деп жазды Ерлан Қарин.

Қарин Қазақстанның азаматтығы бар содырға өзге де бірқатар қылмыстық актілер бойынша айыптар тағылып отырғанын жазды. Саясаттанушы бұл туралы кітап жазғанын айтуда.

«Жалпы, бұл хабар - жақсы жаңалық. Мұндай қылмыстар үшін жазалаудан қашып құтылу мүмкін еместігі - бұл да радикалды идеологияға қатысты контрнасихаттың бір бөлігі», - деп түйген ойын Қарин.

Еске салайық, бұған дейін Дамир Зналиевтің Ауғанстан аумағында жүргізілген қарулы операция барысында ұсталғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Зналиев өзін Қазақстанның азаматы екендігін айтқан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT