Ауғанстанда студенттер мен оқытушылар мінген автобусты жарып жіберді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауғанстандағы университет автобусындағы жарылыс салдарынан төрт адам қаза тапты. Тағы 13-і ауыр жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Tolo News порталына сілтеме жасап.

Оқиға бүгін, 29 мамырда Ауғанстанның Баграм ауданындағы Парван провинциясында болған.

Қаза тапқандар мен жарақат алғандар - Альберони университетінің оқытушылары. Сонымен бірге жергілікті БАҚ автобуста студенттер болғанын жазды.

Оқиға орнында медицина қызметкерлері мен тәртіп сақшылары жұмыс істеуде.


Соңғы жаңалықтар