+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

Ауғанстанда содырлар 8 жасар баланың көмегімен лаңкестік әрекет ұйымдастырды

2011 жылғы 27 маусым 09:25
Бөлісіңіз:

АСТАНА. 27 маусым. ҚазАқпарат - Ауғанстанның оңтүстігіндегі Урузган уәлаятында бомба жарылысының салдарынан 8 жасар қыз бала қаза тапты.

Содырлар баланы «тірі бомба» ретінде пайдаланған болып шықты, деп хабарлайды РБК агенттігі.

Елдің ішкі істер министрінің айтуынша, содырлар қыз баланың қолына ішіне жарылғыш зат салынған түйіншекті ұстатып, оны полиция учаскесіне апарып беруді талап еткен. Ештеңеден күдіктенбеген бала дорбаны полицейлерге апарып берген.

Бомба қашықтықтан басқару жүйесінің көмегімен іске қосылып, лаңкестік әрекеттің салдарынан қыз бала қаза тапқан. Басқа кісі құрбандығы жоқ.

Естеріңізге сала кетейік, осының алдында Ауғанстанның Құндыз уәлаятындағы Ханабад елді мекенінде ірі лаңкестік әрекет орын алды. Велосипедке мінген жанкешті адам көп жиналған базардың ортасында өзін-өзі жарып жіберіп, оқиға салдарынан 10 адам қаза тапты. Тағы 24 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, олардың қатарында бес әйел және бір полиция қызметкері бар.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT