Ауғанстанда шахта опырылып, 30 адам опат болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстанның солтүстігінде алтын өндіретін шахта опырылып, кемі 30 адам опат болды, деп хабарлайды ТАСС Sky News Arabia телеарнасына сілтеме жасап.

Қайғылы оқиға Бадахшан провинциясының Кохистан ауданында болды. Жерастынан 15 адамды алып шығу мүмкін болды. Олардың көбі жарақат алған, жағдайлары ауыр.

Pajhwok агенттігінің жергілікті билік өкілдеріне сілтеме жасап таратқан мәліметіне сай, құрбан болғандар - заңсыз түрде алтын қазумен айналысқан жергілікті тұрғындар.

Бадахшанда үшінші күн қатарынан толассыз қар жауып тұр. Соның кесірінен көптеген автожолдар жабылған.

Соңғы жаңалықтар