Ауғанстанда сайлау учаскесінде жарылыс болды

None
None
КАБУЛ. ҚазАқпарат - Ауғанстан астанасы Кабулда жарылыс салдарынан 15 адам қаза болды. Жарылғыш зат Хаир Хане ауданындағы сайлау учаскелерінің бірінде іске қосылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

Ауғанстан Ішкі істер министрлігінің өкілі Насрат Рахимидің айтуынша, жарылысты жанкешті лаңкес жасаған. Салдарынан 15 адам мерт болып, кем дегенде 60-ы жарақаттанды.

Жарылыс үшін жауапкершілікті ұйымдардың ешбірі әзірге өз мойнына алған жоқ.

Айта кетейік, бүгін Ауғанстанда парламенттік сайлау өтіп жатыр.

 

 

Соңғы жаңалықтар