+7 (701) 759 90 19
USD 426.14 EUR 497.05
RUB 6.02 CNY 66.69
Jańalyqtar

Ауғанстанда қыздардың қайта мектепке баруына рұқсат беретін заң дайындап жатыр

2021 жылғы 22 қыркүйек 08:38
Бөлісіңіз:
Ауғанстанда қыздардың қайта мектепке баруына рұқсат беретін заң дайындап жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Тәліптер (Талибан қозғалысына Қазақстанда және басқа көптеген елдерде тыйым салынған – еск.) жинаған Ауғанстан үкіметінің құрамы жаңа министрлік лауазымдармен толықты. Сонымен қатар билік министрлердің жаңа орынбасарларын таныстырды, олардың арасында бірде-бір әйел жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат euronews сайтына сілтеме жасап.

Ауғанстанда құралған жаңа үкімет құрамында пуштундардан басқа Хазар шиіттері өкілдерінің кіргені туралы мәлімдейді. Жаңа үкімет уақытша деп танылған, алдағы уақытта кейбір ведомстволарды әйелдердің басшылығына беру мүмкіндігі қарастырылмақ. Бұл туралы Талибан қозғалысының ресми өкілі Забихулла Муджахид мәлім етті. Сонымен қатар ол қыз балаларға қайтадан мектепке баруға рұқсат ететін заңның дайындалып жатқанын мәлімдеді. Ал әйелдер шариғат нормаларын сақтаған жағдайда жұмысқа шыға алады.

Еске салсақ, бұдан бұрын бәліптер әйелдер ер адамдармен бірге оқымайды деген еді. Сонымен қатар, ЮНЕСКО Ауғанстанда қыз балалардың мектепте оқымау мәселесіне алаңдаушылық білдірді.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT