Ауғанстанда қуаты 5,3 балдық жер сілкінісі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі Алматы уақытымен сағат 04:36-да жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Зілзала ошағы Алматыдан оңтүстік-батысқа қарай 835 шақырым қашықтықта, Ауғанстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы - 11.1. MVP магнитудасы - 5.3. Бағыты - 37.09° с.е. 71.23° ш.б. Тереңдігі - 220 шақырым. Сезілгені жайлы мәлімет жоқ», - делінген хабарламада.







Фото: ekonomigundemi.com.tr



Соңғы жаңалықтар