Ауғанстанда көз жұмған қазақстандықтың туыстарын алдаған ер адам сот залынан босатылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Кабулда көз жұмған қазақстандықтың туыстарын алдаған ер адам қылмыстық жауапкершіліктен құтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі сот залынан.

Аталған іс Алмалы аудандық сотында қаралды.

Сотталушы жапа шеккен тараптың материалдық шығынын өтеп, медиативті келісімшартқа келген болатын. Соған байланысты судья ер адамды қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы шешім қабылдады.

«Адылжан Исмаилходжиевке қатысты қылмыстық іс медиация тәртібіндегі келісімшартқа байланысты тоқтатылсын. Сот шешіміне қатысты 15 тәулік ішінде апелляциялық арыз түсіруге болады», - деді Алмалы аудандық сотының судьясы Камшат Саурова.

41 жастағы ер адамға ҚР ҚК 190-бабының 1-бөлігі, 190-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылған болатын. Іс материалдарына сәйкес, Исмаилходжиев алаяқтық әрекеттің 2 эпизоды бойынша күдіктелді. Бірінші жағдайда, алаяқтығы үшін түрмеде жазасын өтеп жатқан кезде камерада бірге отырған адамға бостандыққа шығуға көмектесемін деп, 300 мың теңге алған.

Екінші жағдай бойынша ол Ауғанстандағы «Интерконтиненталь» қонақ үйінде болған атыста көз жұмған Ерлан Жампейісовтің туыстарына өзін ұшқышпын деп таныстырған. Осылайша оларға баласының денесін  Ауғанстаннан елге жеткізіп беремін деп уәде етіп, 500 мың теңгелерін алып кеткен.

Сот тыңдауында күдікті өз кінәсін толық мойындады.

Еске сала кетейік, Астана тұрғыны Ерлан Жампейісов 20 қаңтар күні Ауғанстан астанасы Кабулдағы «Интерконтиненталь» қонақ үйіне жасалған содырлардың шабуылы кезінде қаза тапты.

Ерлан Жампейісовтің жақындары Бостандық ауданының ІІБ-не алаяқтарға жем болғаны туралы арыз түсірген еді.

null

 

Соңғы жаңалықтар