Ауғанстанда қанша қазақстандық дипломат жұмыс істеп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ауғанстан аумағындағы қазақстандық дипломаттар туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осыдан бірнеше күн бұрын біз Ауғанстан аумағында «Қазақстан азаматы жоқ» деген болатынбыз. Себебі бізге белгілі отандастарымыз ол жақтан шықты. Дегенмен соңғы 2-3 күннің ішінде Ауғанстандағы елшілікке Қазақстан азаматымыз деп бір топ адам жүгінді. Олардың тиісті құжаттары бар. Осыған дейін хабарлағанымыздай 25 адам Алматыға жеткізілді. Оның қатарында 15 ересек және 10 бала бар. Қазіргі таңда Ауғанстанда 10 қазақстандық дипломат қызметін жалғастырып жатыр. Олар штаттық режімде жұмыс істеп жатыр, қауіпсіздіктері қорғалған», - деді Айбек Смадияров тілшілерге берген сұхбатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қазақстан Ауғанстаннан 42 адамды эвакуациялады. Бұл туралы ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінен мәлім болды.

Сондай-ақ, ҚР Сыртқы істер министрлігі Президент Ауғанстандағы қазақтарды тарихи отанына қайтаруға көмек көрсетуді тапсырғанын мәлімдеді.

Одан бөлек, А. Смадияров Ауғанстанда өздерін қазақпыз деп таныстырушылардың көбейгенін айтты.



Соңғы жаңалықтар