Ауғанстанда қалған қазақстандықтар қайда хабарласуы керек

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауғанстан аумағында қалып, елге қайтқысы келген қазақстандықтар қайда хабарласуы керек? Бұл сұраққа ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Егер Ауғанстан аумағында қалып қойған Қазақстан азаматтары болып елге қайтқысы келсе, олар Кабулдағы біздің елшілікке хабарлассын. Сол жерде қатысты тиісті шаралар қабылданады. Елге оралғысы келген отандастарымызға көмек көрсетуге әзірміз. Сол үшін де Ауғанстандағы Қазақстан елшілігі тарапынан арнайы комиссия құрылды», - деді А. Смадияров тілшілердің сұрақтарна жауап бере тұрып.

Бұған дейін СІМ-нің ресми өкілі Ауғанстанда өздерін қазақпыз дейтін басқа ұлт өкілдерінің көбейгенін айтты.

«Соңғы күндері Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігіне өздерін қазақпыз деп таныстыратын азаматтардың жүгінуі жиілеп кетті. Бірақта іс жүзінде олардың ешқандай дәлелдері жоқ. Олардың кейбіреулері қазақ тілінде сөйлей алмайды. Сондай-ақ ата-бабаларының Ауғанстан аумағына қоныс аудару тарихымен, ру-тайпалық байланыстары туралы да айта алмайды. Біз этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуына көмек көрсету туралы барлық өтініштерге мұқият тексеру жұмыстарын жүргіземіз. Ол бір күндік жұмыс емес сондықтан уақыт талап етеді», - дейді ол.

Айта кетсек, қазіргі уақытта Ауғанстан аумағында 15-ке жуық этникалық қазақ отбасы тұрып жатыр. Одан бөлек, министрліктің мәліметінше, 10 қазақстандық дипломат Ауғанстанда өз қызметін жалғастыруда.



Соңғы жаңалықтар