Ауғанстанда екі жарылыс болды, адам шығыны бар

None
None
КАПИСА. ҚазАқпарат – Ауғанстанның Каписа провинциясында жұма күні кешкісін үш адам жарылыс құрбаны болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат ANINews.com-ға сілтеме жасап.

Аласай ауданындағы базарда болған жарылыс салдарынан қауіпсіздік қызметкерлерінің бірнешеуі жараланған.

Құрбандар жайлы ақпаратты полиция да растап отыр, бірақ зардап шеккендердің жағдайы туралы нақты ақпарат жоқ.

Бүгін таңертең Кабулда да дүмпу болды. Онда полиция қызметкері зардап шеккен. Қолда бар деректерге қарағанда, магнитті минаның көмегімен патруль машинасын жарып жіберген. Жаралы полицейдің жағдай қандай екені де әзірше қараңғы болып отыр.

Соңғы жаңалықтар