Ауғанстанда әскери базаға жасалған шабуыл кезінде 70 адам қаза тапты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Талибан қозғалысының содырлары Ауғанстанның солтүстігіндегі Мазари-Шариф қаласы маңындағы әскери базаға шабуыл жасап, 70 қызметкерді өлтірді, деп хабарлайды Би-Би-Си агенттігі.

Ауғанстан үкіметінің хабарлауынша, әскери базаға қарулы шабуыл жасау кезінде содырлар үкімет әскерінің киімін киіп алған.

Елдің Қарулы күштері өкілінің айтуынша, шабуыл әскерилер нысан аумағындағы мешіттен жұма намазынан шығып келе жатқанда жасалған. Содырлар асханадағы сарбаздарды да атып кеткен.

Тәліптер сыртқы қоршауды бұзу үшін жарылғыш байланған жанкештіні пайдаланып базаға енген. Қарулы қақтығыс күн бойы жалғасқан, әскерилер құрбан болғандардың саны әлі де артуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды.

Тәліптер жағынан кемінде он адам қаза тапқан

Соңғы жаңалықтар