Ауғанстанда АҚШ-тың арнайы операциясы барысында «Әл-Каида» көшбасшысы өлтірілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – АҚШ президенті Джо Байден Ауғанстанда «Әл-Каида» көшбасшысы Айман Завахиридің өлтірілгенін мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС агенттігіне сілтеме жасап.

«Әділдік орнады. Террористердің көшбасшысы енді жоқ. Біз ешқашан артқа шегінбейміз», - деді Байден.

Оның айтуынша, Завахиридің мекенжайы биыл Американың арнайы қызметіне белгілі болған.

«Ол Америка азаматтарына, Америка әскери қызметшілеріне, дипломаттары мен Америка мүддесіне зорлық көрсетіп, адамдарды өлтірді», - деді Байден.

Оның айтуынша, Hellfire екі зымыраны ұшқышсыз басқарылатын құрылғыдан ұшырылған. Соққы салдарынан Завахири тұратын үйде оның туыстары да, бейбіт тұрғындар да зардап шеккен жоқ.

Завахири 2001 жылдың 11 қыркүйегінде АҚШ-тағы шабуылдың ұйымдастырушысы болды. Ол содан бері қашып жүрді.

Ол 2011 жылы Пәкістанда Усама бин Ладен өлтірілгеннен кейін «Әл-Каиданы» басқарды.


Фото:REUTERS



Соңғы жаңалықтар