Ауғанстанда 4,6 балдық жер сілкінісі болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 29 сәуір күнгі сағат 11:57-де жер сілкінісін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 858 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында тіркелген. MPV магнитудасы - 4.6. Тереңдігі - 160 шақырым. МSК-64 шкаласы бойынша сезіну туралы ақпарат келіп түскен жоқ», - делінген стансаның кезекші операторының хабарламасында.


Соңғы жаңалықтар