Ауғанстанда 300-ге тарта жанармай тасымалдаушы көлік жарылып, 60 адам зардап шекті

None
None
ГЕРАТ. ҚазАқпарат - Ауғанстанда бензин мен дизельдік отын әкетіп бара жатқан 300-ге тарта автокөлік жарылып, 60 адам зардап шекті. Келтірілген шығынның көлемі 50 млн долларға бағалануда, деп хабарлайды ҚазАқпарат Reuters агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті биліктің мәлімдеуінше, оқыс оқиға Иран шекарасына жақын маңда болған. Бензин толы автокөліктің жарылуы салдарынан алапат өрт шыққан. 60-қа тарта адам зардап шегіп, 17-і ауруханаға жеткізілген. Әйтсе де бұл ең соңғы дерек емес.

Энергия тарататын Da Afghanistan Breshna Sherkat компаниясының өкілі Вахид Тавхидидің атап өтуінше, алапат өрт электр энергиясының екі тіреуін өртеп, Ираннан Ауғанстанның ең ірі провинцияларының бірі - Гератқа импортталатын электр желісіне зиянын тигізген. Герат жарықсыз қалған. Гераттың Сауда-өнеркәсіптік палатасының басшысы Юнус Казизада өрттен келген шығынның мөлшері 50 млн доллар екенін айтады.

Жергілікті биліктің өкілдері өрт сөндіру жұмысында НАТО-ның «Батыл қолдау» атты халықаралық миссиясынан көмек сұрады. Ал Иран оқиға орнына 21 жедел жәрдем бригадасы мен 20 өрт сөндіру қызметінің көлігін жіберді.


Соңғы жаңалықтар