+7 (701) 759 90 19
USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

Ауғанстан университеттерінде ерлер мен әйелдер бөлек оқиды

2021 жылғы 13 қыркүйек 08:24
Бөлісіңіз:
Ауғанстан университеттерінде ерлер мен әйелдер бөлек оқиды

КАБУЛ. ҚазАқпарат – Тамыз айының соңында «Талибан» радикалды ислам қозғалысының басшылығы тағайындаған Ауғанстанның жоғары білім министрінің міндетін атқарушы Абдул Баки Хаккани жексенбі күні Кабулдағы баспасөз мәслихатында елдің жоғары оқу орындарына арналған қағидаларды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат DW-ға сілтеме жасап.

Осы құжатқа сәйкес, ауған университеттерінде ерлер мен әйелдер бөлек оқиды. Бұл жағдайда студент қыздарға сабақты негізінен әйелдер жүргізуі тиіс. Әйелдер аудиториясына ер мұғалімдердің сабақа беруіне рұқсат етіледі, тек олар шариғат заңдарын ұстануы тиіс. «Бірлескен оқыту (ерлер мен әйелдер. - Ред.) ислам қағидаларына қайшы келеді. Екінші жағынан, ол ауғандардың ұлттық құндылығы мен дәстүрінен алшақтайды», - деді Хаккани. Ол сондай-ақ ЖОО-да білім алатындардың киім киюінде қатаң ережелерді сақтауы тиіс екенін хабарлады. Сонымен, әйелдер хиджаб киюге міндетті.

Сонымен қатар, университеттерде оқытылатын пәндер де қайта қаралады деп отыр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аяулым Алтынбек

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT