Ауғанстан тұрғындары аш балаларына тыныштандырғыш дәрі беруге мәжбүр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауғанстандықтар балаларына аштық сезімін басу үшін тыныштандыратын препараттар беріп, кейбірі күнкөріс үшін баласын немесе дене мүшесін сатуға мәжбүр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ВВС жаңалықтарына сілтеме жасап.

Билікке тәліптер келіп, шет елдерден ақша ағыны тоқтаған елде миллиондаған адамға аштық қаупі төніп тұр.

Кей отбасылар аш балаларын тыныштандыру үшін жүйке ауруларына тағайындалатын таблеткалар береді.

Дәрігерлер бұл препараттар дұрыс тамақтанбаған баланың бауырын зақымдап, созылмалы шаршаудан бастап ұйқының бұзылуына және мінез-құлық өзгерістері сияқты басқа да көптеген проблемаларды тудыруы мүмкін екенін айтады.
Алты балалы Гулям Хазрат бір жастағы баласына да ұйықтататын дәрі беретінін айтты.
Жергілікті дәріханада 10 афганиге (шамамен 10 АҚШ центі) бес транквилизатор таблеткасын алуға болады. Ал ол ақшаға небәрі бір тілім нан тиеді.

Фото: www.bbc.com

Соңғы жаңалықтар