
2021 жылғы 6 желтоқсан 03:49
Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында жер сілкінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты «Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясы» ММ-нің сейсмикалық стансалар желісі 5 желтоқсан күні Алматы уақытымен 23 сағат 42 минутта жерасты дүмпуін тіркеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Жер сілкінісінің ошағы Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 795 шақырым қашықтықта, Ауғанстан мен Тәжікстан шекарасында орналасқан.
Жер сілкінісінің энергетикалық класы 10,4, магнитудасы – 4,9.
Жерасты дүмпуі 200 километр тереңдікте болған.
МSК-64 шкаласы бойынша жер сілкінісі Алматы қаласында сезілген жоқ.
Сондай-ақ... оқыңыз
TOP