+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

Ауғанстан болашағына үмітпен қарауға болатын елге айналып келеді - Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің өкілі

2009 жылғы 25 маусым 18:20
Бөлісіңіз:

АСТАНА. Маусымның 25-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгінгі таңда Ауғанстан елін екі түрге бөлуге болады. Оның бірі - әлемге қауіпті Ауғанстан болса, екіншісі - болашағынан зор үміт күттіретін дамып келе жатқан ел.


Қазір біздің қай-қайсымыз болсақ та оны лаңкестік әрекеттерден көз ашпайтын, сыбайлас жемқорлыққа белшесінен батқан есірткі тасымалдаушы мемлекет ретінде елестетеміз. Бұл - бірінші Ауғанстан. Ал шын мәнінде бұл елдің жаңа толысып келе жатқан жетістіктерін біле бермейміз. Бұл - екінші Ауғанстан. Бүгін Еуро-Атлантикалық әріптестік кеңесінің (ЕАӘК) ІІІ Қауіпсіздік форумының Ауғанстан мәселелеріне арналған сессиясында Ауғанстан Сыртқы істер министрлігінің аға саяси кеңесшісі Давуд Морадиан осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Мен екінші Ауғанстан жөнінде былай дер едім. 2001 жылдың соңындағы талибан режімі жойылып, 5 миллионнан астам босқын еліне қайтты. Сонымен қатар, елдегі бала өлімінің деңгейі күрт төмендеді. Бұл әрине біздің ортақ әріптес, ниеттес елдер мен ұйымдардың қолдауының нәтижесі. НАТО мен осы сияқты өзге де халықаралық деңгейдегі ұйымдардың қамқорлығының арқасында жылына 50 мың ауғандық бала өзінің туылған күнін атап өте алатын болды. Жақында доктор Шарвин Атаж Мемлекет басшысы Хамит Карзайға өзін толғандырған сауал жолдады. Бұл осы елдің президенттігінен кандидат азаматша және ол ел Президентін өзімен пікір таластыруға шақырды. Президенттің оның ұсынысын қалай қабылдайтыны белгісіз. Бірақ осыдан бірнеше жыл бұрын ғана әйелдер артық ауыз сөз айта алмайтын ел үшін бұл үлкен жетістік», - деді саяси кеңесші.

Оның сөзіне қарағанда, Ауғанстанды бағалай отырып, 2001 жылдың соңында ол қандай жағдайда еді, бүгінгі күні қандай деген сауалға жауап іздеген дұрыс. «Әрине, 2009 жылы Ауғанстан бұрынғысынан өзгерек болады. Бірақ бұл ел соңғы жылдары көптеген қиын жағдайларды бастан кешірді. Осыны ескерсек, біз бүгін өзіміздің жетістіктерімізбен мақтана аламыз», - деді Давуд Морадиан.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT