Ауғанстан азаматы Қазақстаннан босқын мәртебесін ала алмай жүр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алмалы аудандық №2 сотында Ауғанстан азаматының босқын статусын алу туралы арызы қаралып, нақты шешім шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотқа жүгінген Ауғанстан азаматы сот билігінен Алматы қаласы ІІД Көші-қон басқармасының оған босқын мәртебесін бермеу туралы шешімін заңсыз деп тануды, сондай-ақ ол туралы шешім шығаруды міндеттеу туралы сұраған.

«Арыз беруші Ауғанстан Ислам Республикасының азаматы, Қазақстан Республикасына 2016 жылы 9 қыркүйекте келген. Босқын мәртебесін иелену туралы өтінішін сол жылдың 23 қыркүйегінде берген. Бірақ, жауапкер (Алматы қаласы ІІД-нің Көші-қон басқармасы - ред) өтініштен бас тартқан», - делінген хабарламада.

Ол шешімге риза болмаған шетел азаматы ҚР ІІМ Көші-қон қызмет басқармасына шағымданған. Бірақ шағым ол сатыда да қанағаттандырусыз қалдырылған. Қайта арыз берген ол шағымында Ауғанстан мемлекетінің прокуратурасы қуғынға ұшыратқанын көрсеткен. Алайда, сот арызда қанағаттандыруға негіз болатын дәлелдемелер ұсынылған жоқ деп есептейді. 

«Арыз берушіні бизнестегі серіктестерінің туыстары қудалағаны анықталды», - деген сот оның арызын қанағаттандырусыз қалдырылды.

Алайда, оған тоқтамаған арыз беруші сот шешіміне апелляциялық шағым түсірген. Бірақ Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысы да шағымды қанағаттандырусыз қалдырды.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Соңғы жаңалықтар