Ауғанстан әскери ұшағы Өзбекстан аумағында апатқа ұшырады

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат – Ауған әскери-әуе күштерінің ұшағы шекараны заңсыз кесіп өтіп, Өзбекстан аумағында апатқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат меншікті тілшісі.

Бұған дейін әлеуметтік желілерде Өзбекстан аумағында Ауғанстан ӘӘК әуе кемесінің апатқа ұшыраған видеосы мен суреттері тараған еді.

ӨР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі Ауғанстан әскери-әуе күштерінің ұшағы әуе кеңістігін заңсыз кесіп өтіп, Өзбекстан аумағында апатқа ұшырағанын растады.

«Кеше кешке Ауғанстан ӘӘК әуе кемесі мемлекеттік шекараны бұзып, Өзбекстанның Сурхандария облысы Шерабад ауданында апатқа ұшырады. Қазір тергеу жүріп жатыр, оның қорытындысы бойынша оқиғаның мән-жайы белгілі болады», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісіне ӨР Қорғаныс министрлігінен.

Еске салайық, Ауғанстандағы жағдайдың ушығуына байланысты 14 тамызда 84 ауған әскери қызметшісі Өзбекстан шекарасын кесіп өткен болатын. Шекара бұзушылар қарсылық танытпаған, жарақат алған үш адамға медициналық көмек көрсетуді сұраған.

Авторы Мәдибек Жәнібеков


Соңғы жаңалықтар