Ауған соғысының шындығы әлі де жазылып біткен жоқ - Б. Ертаев

None
None
А. Желтоқсанның 20-сы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Ауған соғысының шындығы әлі де жазылып біткен жоқ. Бүгін Астанада өтіп жатқан Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының ІІІ съезінде интернационалист-жауынгер, генерал-лейтенант, "Халық Қаһарманы"  Бақытжан Ертаев осылай мәлім  етті,

 деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 Аталған қауымдастықтың төрағасы Бақытжан Ертаевтың сөзіне қарағанда, интернационалист жауынгерлер туралы деректі фильм түсіру жоспарланып отыр.

 Жиынға қатысушылардың айтуынша, бүгінгі шараның мақсаты - Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуіне қолдау көрсетіп, Ауған соғысы ардагерлерінің пікірін ортаға салу. Екінші мәселе, 2010 жылғы Ұлы Отан соғысы жеңісінің 65 жылдығына арналмақ.

Сонымен бірге съезд барысында Кеңес Одағының Батыры, Қазақстанның  Халық Қаһарманы Бауыржан Момышұлының 100 жылдығына орай өткізілетін шаралар талқыланбақ.

Аталған съезге еліміздің барлық өңірлерінен келген ардагерлер ұйымдарының жетекшілері қатысуда.

Соңғы жаңалықтар