+7 (701) 759 90 19
USD 445.84 EUR 490.47
RUB 5.73 CNY 62.87
Jańalyqtar

Ауған соғысының ардагері 30 жылдан кейін «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды

2019 жылғы 11 желтоқсан 18:15
Бөлісіңіз:
Ауған соғысының ардагері 30 жылдан кейін «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Ауған соғысының ардагері 30 жылдан кейін «Жауынгерлік еңбегі үшін» медалімен марапатталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Семей ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Ұқсас жаңалықтар
Ауғандық жауынгерлер соғыс ардагері мәртебесін алады Қазақстандық Ауған соғысының ардагерлері Мәскеуде медициналық тексеруден өтті Мәскеуде қазақстандық Ауған соғысы ардагерлері марапатталды

Берікбол Кулов Мәскеуде өткен салтанатты марапаттау рәсімінен оралды. Күні кеше медальмен марапатталған жауынгер-интернационалистпен қала әкімі Ермак Сәлімов те кездесті.

«Іс-шара Ауғанстаннан әскердің шығарылғанына 30 жыл толуына арналды, – дейді ауған соғысының ардагері Боранбай Бегатов. - Қорғаныс министрлігі орталық мұрағатта марапатталғандардың тізімін көтерді. Сол кезде 800-ге жуық адам марапатын ала алмаған. Оның ішінде Семей қаласының екі тұрғыны - Берікбол Кулов пен Сұлтанбек Омаров та бар».

Боранбай Бегатовтың айтуынша, Семейде Ауғанстанда ерлік көрсеткен 467 ардагерге мерейтойлық медаль табыс етілген.

«Бұл - біздің тарихымыз, батырларымызды ұмытпауымыз керек, – деп атап өтті Ермак Сәлімов. - Біз сізбен үнемі байланыста болғандықтан, көмек қажет екенін түсінеміз. Сіздің идеологиялық жұмыстарға қолдауыңыз өте маңызды. Біздің болашақ ұрпақ осындай адамдармен кездесуі керек».

«Марапат туралы мәлімет ұзақ уақыт РФ Қорғаныс министрлігінде құпия ақпарат ретінде сақталып келген. Тек Одақ ыдырап, тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан кейін бұл деректерді алу мүмкіндігі пайда болған. Сондықтан да қазақстандық интернационалист-жауынгерлердің көбі ерлігінің 30 жыл бұрын ерекше атап өтілгенін білмеді» делінген хабарламада.

Бүгінде Берікбол Кулов үш қыз тәрбиелеп, ұзақ жылдар бойы тіс емханасында стоматолог болып қызмет етіп келеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT