Ауған соғысына 782 атыраулық қатысқан

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Бүгін Ауған жерінен кеңес әскерлерінің шығарылғанына 33 жыл толды. Осыған орай Атырауда Ауған соғысының ардагерлері қаза тапқан қаруластарын еске алу шарасын өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шараға жиналған ардагерлер Атырау қаласындағы «Мәңгілік алау» мен Ауған соғысы ардагерлеріне арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды. Қаруластарын бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Атырау облыстық ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Әлішер Куловтың мәліметінше, Атырау облысынан 1979-1989 жылдары Ауған соғысына 782 жауынгер

қатысқан.

«Біз Ауғанстан жеріне әскери бұйрықты орындауға бардық. Өзге елдегі қанды шайқас жас жауынгерлерді шыңдады. Бірақ, батырлықтың ерен үлгісін көрсеткен қаруластарымыз жыл сайын азайып барады. Қазір соғыс соғысына қатысқан 452 ардагер бар», -дейді Әлішер Кулов.

Оның айтуынша, Ауған соғысынан оралған ардагерлерге Алматы, Нұр-Сұлтан қалаларындағы әскери госпитальда 14 күн емделу үшін тиісті көмек көрсетіледі.

«Біз, Ауған соғысының ардагерлері соғыстың қайталанбауын қалаймыз. Өйткені, қан төгілген жер өкінішсіз болмайды. Сондықтан, еліміздің өркендегенін, бірлігіміздің бекем болуын тілейміз», -дейді ол.


Соңғы жаңалықтар