Әуезовтің 5 томдық шығармалар жинағы жарық көреді - министр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жазушы Мұхтар Әуезовтің 125 жылдық мерейтойына орай 5 томдық шығармалар жинағы басылып шығады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Даурен Абаев Семей қаласындағы Абай театрында өткен «Әуезов әлемі» атты салтанатты жиында айтты. Оның мәліметінше, жазушының мерейтойы халықаралық деңгейде атап өтіледі. Оған аталған ведомство жауапты болып бекітілген.

«Семей топырағы данышпан Абайды дүниеге әкелген, Шәкәрімдей ғұламаны тудырған, Мұхтар Әуезовтей әйгілі суреткерге бесік болған аяулы мекен. Бұл жиын үлкен мерейтойдың салтанатты ашылуы Семейден бастау алғаны заңдылық. Алдағы уақытта, Мұхтар Әуезовтің 125 жылдығына орай жазушының 5 томдық шығармалар жинағы басылып шығатын болады», - деді министр.

Айта кетейік, заңғар қаламгердің мерейтойына байланысты биыл 4 бағыт бойынша 90-жуық іс-шара ұйымдастырылады. Одан бөлек, өңірлік деңгейде жоспардан тыс 500-ден аса мерекелік шара өткізу жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар