Әуежайлардағы траптар мен жанармай құю техникаларының көбі ескірген – Премьер-Министр

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Азаматтық авиация саласында күрмеуі шешілмеген проблемалар аз емес. Атап айтқанда, еліміздің кейбір әуежайларында ұшу-қону жолақтарына жөндеу жүргізу керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азаматтық авиация саласында күрмеуі шешілмеген проблемалар да аз емес. Атап айтқанда, еліміздің кейбір әуежайларында ұшу-қону жолақтарына жөндеу жүргізу керек. Траптар мен жанармай құю машиналары сияқты арнайы техникалардың көбі ескірген», - деп тоқталды Әлихан Смайылов.

Премьер-Министр халықаралық маршруттарды кеңейту басқа елдермен сауда-экономикалық, инвестициялық, туристік және мәдени ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететінін атап өтті.

«Пандемиядан кейін еліміздің азаматтық авиациясы дамудың жаңа кезеңін бастады. Жолаушылар саны артып келеді. Бұрынғы рейстер қалпына келе бастады. Жаңа бағыттар ашылуда. Тек биылдың өзінде 8 халықаралық маршрут іске қосылады. 2025 жылға қарай әлемнің 17 қаласына, соның ішінде Нью-Йорк, Женева, Сингапур, Вена, Париж қалаларына рейстер ашылады», - деді Үкімет басшысы Әлихан Смайылов.


Соңғы жаңалықтар