Әуежайда тоқтатылған ресейлік компанияның ұшағы елордадан ұшып кетті
2022 жылғы 29 маусым 15:48

Әуежайда тоқтатылған ресейлік компанияның ұшағы елордадан ұшып кетті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекеттік кірістер комитеті «VOLGA DNEPR AIRLINES» компаниясы әуе кемесіне қатысты қосымша әкімшілік іс толтырған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

««VOLGA DNEPR AIRLINES» компаниясы әуе кемесіне қатысты әкімшілік хаттама толтырылып, кедендік рәсімдер жүргізілді. Сондықтан әуе кемесі елорда әуежайынан ұшып кетті», - делінген комитет хабарламасында.

Еске салсақ, бүгін Нұрсұлтан Назарбаев» Халықаралық әуежайында «VOLGA DNEPR AIRLINES» әуе компаниясының Үрімші (ҚХР) – Нұр-Сұлтан – Мәскеу бағытындағы коммерциялық рейсінің RA-82074 нөмірлі әуе кемесі тоқтаған. Ол туралы әуежай қызметі «Әуежай Астана» кеден бекетінің қызметкерлеріне тез арада хабарлаған. Дегенмен, әуе кемесінің экипажы және оның өкілі белгіленген уақыт ішінде кедендік рәсімдеуге қажетті кедендік құжаттар мен мәліметтерді ұсынбаған. Сондықтан, әуе компаниясына қатысты ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 538-бабымен әкімшіліктік өндіріс қозғалды.
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT