Әуежайда 7 ителгіні шетелге алып шықпақшы болған Қазақстан азаматы ұсталды

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Шекарашылар Алматы халықаралық әуежайында заңсыз жолмен Алматыдан Шарджаға 7 ителгіні алып шығуға тырысқан азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.

«23 қыркүйекте «Алматы-Шарджа» бағытындағы халықаралық рейсін рәсімдеу барысында шекарашылар 1981 жылы туған Қазақстан Республикасының азаматының қара түсті жол сөмкесінен жәшікке қапталып салынған 7 ителгіні анықтаған. Аталмыш дерек ҚР ҚК-нің 339 бабына (Сирек және жоғалып кету қаупі төнген, сондай-ақ, қолдануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың мүшелерін және дериваттарды заңсыз пайдалану) сәйкес сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді. Ителгілер «Сұңқар» орталығына жіберілді.

null 

Соңғы жаңалықтар