Әуежай маңындағы жерді сатқаны үшін аудан әкімдігінің бұрынғы қызметкерлері тергеліп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысында әуежай маңындағы жер учаскелерін заңсыз тәркілеп, саудалағаны үшін аудан әкімдігінің бұрынғы қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл қызметі Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің бұрынғы орынбасарына, «Талғар ауданы Панфилов ауылдық округі« ММ бұрынғы бас мамандарына қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Оларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрды деген күдік бар» делінген хабарламада.

Агенттіктің мәлімдеуінше, 2015-2019 жылдары бұл тұлғалар Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімінің басшылығымен Талғар ауданының Қызылту ауылы мен әуежай маңынан мемлекеттік қордағы жер учаскелерін заңсыз тәркілеген.

«Жалпы ауданы 12,733 га жер учаскесі 191 адамға сатылған. Осылайша мемлекеттің мүддесіне зиян келді. Қазір тергеу жұмыстары жүріп жатыр», - деді ведомстводан.

Айта кету керек, былтыр 27 желтоқсанда Алматы-Нұр-Сұлтан бағытындағы «Bek Air» рейсі әуеге көтерілген кезде бетон қоршауға соғылған.

Қайғылы оқиғаның хронологиясымен мына сілтемеде танысуға болады.


.


Соңғы жаңалықтар