Әуе нарығындағы монополиядан жолаушылар зардап шегіп келеді - Марат Омаров

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада өткен бәсеке туралы форумда Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаров әуе тасымалы нарығындағы монополия туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның айтуынша, бұл нарықта сұраныс пен ұсынысты толық бақылайтын мемлекеттік компаниялар тобы – ұлттық авиатасымалдаушы және онымен үлестес компаниялар басым.

Мемлекеттің қатысуымен авиакомпаниялардың активтерін бөлу мәселесі әлі күнге дейін өз шешімін таппаған.

«Нәтижесінде, нарықтың қолданыстағы құрылымы баға бәсекесі, шығындарды оңтайландыру үшін ынталандыруды азайтады. Бұл рейстердің жүйелі кешігуіне және баға өсіміне әкеледі, нәтижесінде тұтынушылар зардап шегеді. Қолданылатын динамикалық баға монополиялық нарықта жұмыс істемейді», - дейді агенттік басшысы.

Мысалы, авиакомпанияның ең жоғары тарифі бір маршрут бойынша ең төменгі тарифтен 4,5 есе асатын кейстер бар (67 743 / 14 743 тг).

Сондықтан, қазіргі жағдайда нарыққа жаңа авиатасымалдаушыларға қол жеткізу үшін «Ашық аспан» режимін күшейту мәселесі қарастырылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар