+7 (701) 759 90 19
USD 385.55 EUR 426.57
RUB 6.05 CNY 54.77
Jańalyqtar

Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына жаңа басшы тағайындалды

2019 жылғы 10 қазан 09:57
Бөлісіңіз:
Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына жаңа басшы тағайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ақтөбе қаласындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтына жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес әскери ЖОО-ға басшылық ету авиация генерал-майоры Дәурен Қосановқа тапсырылды.

Министрліктен мәлім еткендей, институттың жеке құрамына жаңа басшыны ҚР Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы авиация генерал-майоры Нұрлан Карбенов таныстырды. Ол Дәурен Қосановтың тәжірибелігі мен жеке қасиеттерін атап өтіп, жұмысына сәттілік тіледі.

«Сізге жай ғана Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтын басқаруды сеніп тапсырған жоқпыз. Бүгінгі күннен бастап Қазақстанның әскери авиациясының болашағы сіздің қолыңызда. Еліміздің әуе шебінің қауіпсіздігі, сіздің курсанттарды тәрбиелеуіңізге байланысты», - деді Бас қолбасшы.

Д.Қосанов – тәжірибелі әскери ұшқыш. Ол Армавира жоғарғы әскери авиация училищесін, Ресей Федерациясы Қарулы Күштері Бас штабының әскери академиясын тәмәмдаған. Үшаралдағы жойғыш полкінде қызмет етуді бастап, Талдықорғандағы Су-27 жойғыш ұшағын басқарды. Қарағанды штабының бастығы және Шымкент авиациялық базасының командирі болып қызмет етті. Әскери ұшқыш ретінде генерал-майор Қосанов ұшақтың көптеген түрлерін меңгерді. Атап айтқанда, СУ-25 шабуылдау ұшағы, Су-27 жойғыш-бомбалаушы ұшағы, Су-30СМ көпфункцияналды жойғышы.

2013 жылдан бастап ҚР Әскери әуе күштерін басқарды. 2015 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен оған авиация генерал-майоры атағы берілді.

ІІ дәрежелі «Айбын» орденіне, «Жауынгерлік ерлігі үшін», 1, 2 және 3 деңгейлі «Мінсіз еңбегі үшін» медальдарына, сондай-ақ бірқатар мерейтойлық марапаттарға ие.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT